386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропаны шығу тегі беймәлім радиация жайлады

  • 831
  • UPD: 15:11, 27.02.2017
Еуропаны шығу тегі беймәлім радиация жайлады blogspot.com

Кәрі құрлықта йод-131 радиоактивті элементі таралғаны анықталды. Еуропа елдерінің өзі бұл радиацияны тек жарты ай бұрын байқағанын айтса да, қауіпті қалдықтың ізін Чехияның Ядролық қауіпсіздік басқармасы 2016 жылдың қазан айында анықтапты. Бұл туралы МАГАТЭ мәлімдеді, деп хабарлайды Independent.

Улы әсердің шығу тегін анықтай алмаған Еуропа елдері бұл деректі қарапайым халықтан жасырып, қазанды жабық күйі қалдырып отыр. Сондай-ақ АҚШ жіберген арнайы ұшақтар радиация себебін тауып айта алмады.

Йод-131 таралуының бір себебі ретінде «Ресейдің Норвегия жерінде құпия түрде ядролық сынақ өткізгендігі» аталды. Тағы бір жерде атомдық сәулелену беймәлім дәрі-дәрмек зауытынан улы қалдықтардың таралуынан болуы мүмкін екендігі хабарланды.  

Айта кету керек, йод-131 ядролық реакторлар мен ядролық қару қолданылғаннан кейін түзілетін улы қалдық болып табылады. Элемент таратқан радиацияға көп мөлшерде шалдыққан адам обырға ұшырайды. Осы ретте МАГАТЭ Еуропадағы радиация деңгейі шектен тыс жоғары болып тұрғанымен, халық денсаулығына келетін зиянның болмайтынын айтты.

Беймәлім құбылысқа тап келген Австриядағы қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұхиттың арғы бетіне әуемен ұшқан кезде адам ағзасы ұшырайтын радиацияның тек өте аз бөлігі ғана анықталғанын алға тартты.    

Енді МАГАТЭ радиацияның қайдан және неліктен шыққанын анықтау үшін барып салып жатыр. Агенттік қызметкерлері радиацияға Фукусимадағы ядролық апат себеп болуы мүмкін екендігін бірден теріске шығарды.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы