385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирландияда жоғалған тікұшақ апатқа ұшыраған

  • 505
  • UPD: 12:43, 15.03.2017
Ирландияда жоғалған тікұшақ апатқа ұшыраған https://www.rte.ie/

Ирландияда таяуда жоғалған жағалау күзетіне тиесілі тікұшақ суға құлаған.

Құтқарушылар апат болған жерден осы әуе көлігін басқарған пилот әйелді ауыр жараланған күйі тауып алды. Бірақ, оның жағдайы одан әрі қиындап, ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті RTE хабарлайды.

Ал экипаждың қалған 3 мүшесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ирландияда жағалау күзетіне тиесілі тікұшақтың жоғалғаны туралы хабарлаған едік.

RTE Ireland-тан аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы