388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Еуропаға келген мигранттар саны 25 мыңнан асып кеткен

  • 441
  • UPD: 08:09, 23.03.2017

Еуропаға келген босқындар саны биыл 25 мыңнан асып кеткен.

Ол жайлы Халықаралық көші-қон ұйымы хабарлайды.

Босқындардың 80 пайызы Италияға табан тіреген. Біразы сондай-ақ Грекия мен Испания шекарасын асқан.

Негізі мамандардар бұл сан былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда аз екенін айтады. Өйткені 2016 жылдың алғашқы 3 айында Кәрі құрлыққа 160 мың мигрант келген болатын. Сондай-ақ жыл басталғалы 547 босқын Кәрі құрлыққа жете алмай, жарты жолда көз жұмған. Қайғылы оқиғалардың дені Жерорта теңізінде тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы