386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбия халқы су тасқынынан әбігерге түсті

  • 641
  • UPD: 15:44, 13.05.2017

Колумбияда бір айдан астам уақыт бойы толассыз жауған жауынның салдарынан су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, халық едәуір зардап шегіп отыр.

Елдің батысындағы Магдалена өзені арнасынан асып, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнген. Табиғат апатынан Кали, Онда және Антьокия аймақтарына көп шығын келген. Билік лай көшкіні жиі болатын Мокоа қаласының халқын қауіпсіз жерге көшіруді жоспарлап отыр. Ал сәуірде басталған жауыннан қаза тапқандардың саны 320-ға жетті. Олардың 118-і балалар болған.

Марта, жергілікті тұрғын: 

- Бұл үлкен қасірет. Өздеріңіз көріп тұрғандай тасыған су кеудемізге дейін жетеді. Үй-жаймыздың су шайып кетті. Ал тасқынның беті қашан қайтары белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы