389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомали астанасында болған лаңкестік шабуыл құрбандарының саны артты

  • 544
  • UPD: 16:40, 15.06.2017

Соңғы дерек бойынша құрбандар саны 18-ге жеткен. Бүгін таңертең қаскөйлер қонақ үй жанында бомба салынған автокөлікті жарған болатын.

Кейін мейманханаға іргелес тұрған мейрамхананы басып алып, онда отырғандарды кепілге алды. Полиция қылмыскерлердің көзін жойып, кепілдегілерді босатты. Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті «Әл-Каидамен» байланысты «Аш-Шабаб» ұйымы өз мойнына алды.

Айта кетейік, Сомали мемлекеті 1991 жылы Сиад Барре билігі құлағаннан кейін ыдырап, елдің әр аймағында дербес құрылымдар пайда болды. Бірақ халықаралық қауымдастық ел астанасы Могадишоны және оның айналасын ғана бақылап отырған федералды үкіметті негізгі билік деп таныған. Ал мемлекеттің оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы кейбір аудандар жергілікті тайпалар мен радикалды топтардың қолына көшкен.

Хабар 24 телеарнасы