387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей астанасында отты карнавал өтті

  • 466
  • UPD: 11:56, 28.06.2017

Мәскеуде дәстүрлі алау сайысы сегінші рет көпшілік назарына ұсынылды.

Ресей астанасындағы саябақтардың бірінде өткен көрнекті шара биыл да көрермен қауымды өзіндік ерекшеліктерімен тәнті етті.

Мәскеулік шытырман оқиғалар бағындағы Ресейдің ең үздік деген от театрларының сайысына биыл сегіз ұжым қатысып жатыр. Әртістердің әрқайсысы өз ісінің майталманы. Бұл жерде жыл сайын жарық, от және пиротехника әсерлерінің ең үздік маманы анықталады.

Бір ғана карнавал кешінде 5 тонна газ, осынша пиротехника, 500 килограмм жарық диодтары қолданылды.

Игорь Панин, карнавалдың қоюшы-режиссері:

– Бұл жерде қауіпсіздік деңгейі 300 пайызға сақталған деп толық айта аламын. Көрермендерге қызықты болу үшін қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелерді жасырын орнаттық.

Карнавал 8 жыл бұрын халықаралық каскадерлер фестивалінен бастау алады. Жалынмен өнер көрсететін қатысушылардың қатарында балалар да бар. Ең жасы 8-де.

«Люмин» шоуының әртістері:

Ата-аналарымыз біз үшін алаңдап, қобалжығаннан тақымдарын қысып отырады.

Михаил Бельский, шоу әртісі:

Фаер-әсерлер, шартылдақтар, отты жаңбыр. Бұның барлығы арнайы дайындалмаған адамның өміріне аса қауіпті. Бұл жерге тек кәсіби шеберлер жиналған. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ.

Отты шоу көрерменді елітіп әкетті. Өрт қауіпсіздігі қатаң түрде сақталды. Күшейтілген күзет пен тілсіз жауды дереу ауыздықтайтын жүйелер орнатулы. Байқауға келген көрерменнің барлығы жіті тексерілді.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы