387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда белгісіз топ 70-тен астам адамды ұрлап әкетті

  • 437
  • UPD: 07:45, 24.07.2017

Ауғанстанның Кандагар провинциясында белгісіз қарулы топ 7 тұрғынды өлтіріп, 70-тен астамын ұрлап әкеткен.

Полиция шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары жасады ма деп күдіктеніп отыр. Қазір тәртіп сақшылары тұтқындағы 30 адамды азат еткен. Қалғандарының халі белгісіз. Ал үкімет күштері бірнеше күн болды ел аумағының ондаған аймағында арнайы операция жүргізіп жатыр. Сарбаздар соңғы бір күннің ішінде 60-қа жуық содырдың көзін жойған. Айта кетейік, қазір Ауғанстанда тәліптер ірі қалаларға шабуылдарын жиілеткен. Осымен қатар «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» да өз ықпалын нығайтуға күшін салып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы