376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ватикан су үнемдеудің жолын тапты

  • 926
  • UPD: 16:57, 25.07.2017

Жергілікті билік суды үнемдеу үшін осындай шешім қабылдаған. Өйткені Апеннин түбегін қазір қуаңшылық жайлап тұр.

Күн ыстық, 2 айдан бері жаңбыр да жаумаған. Салдарынан Италияның 10 облысындағы шаруалар біраз шығынға батты. Ол аздай, елдің оңтүстік аудандарында орман өрті өршіп тұр. Жергілікті билік Браччано көлінен су алуға үзілді-кесілді тыйым салды. Тиісті ереже 28 шілдеде күшіне енуі тиіс. Соның салдарынан Италия астанасы Римнің бір жарым миллион тұрғыны тіршілік нәрінсіз қалуы мүмкін. Үнемдеу мақсатында қала басшылығы суды тұтыну уақытын шектеу шараларын енгізуге де дайын екенін айтып отыр. 

Грек Берк, Ватиканның ресми өкілі:  

- Бұған дейін Рим басшылығы қала көшелерінде орнатылған су ішуге арналған шағын бұрқақтарды тоқтатқан. Сондықтан біз де тиісті шешім қабылдауды жөн көрдік. Өйткені экология жайлы ойлануымыз керек. Суды бекерден бекер ысырып қылмауымыз қажет. Ватиканда көз жауын алатын бақшалар қаншама. Алайда биыл олардың әдеттегідей жайқалып, гүлденуі екіталай.

Хабар 24 телеарнасы