383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда ұшақ апатты жағдайда қонды

  • 412
  • UPD: 18:33, 29.07.2017

Түркияда украиндық жолаушылар ұшағы оқыс жағдайға тап болып, ұшқыштар нағыз ерлік көрсетті.

Оқиға Харьковтен Ыстамбұл қаласына келіп, одан әрі Кипрдегі Эркан қаласына бет алған Airbus A320 (Эйрбас) ұшағында болды. Әуе кемесі көкке көтеріле салысымен бұршақты дауылға тап болады. Содан кабинаның алдыңғы терезелері шытынаған. Ұшақтың тұмсығы да зақымданды. Осыдан кейін экипаж шұғыл Ыстамбұл әуежайына қайта оралуға шешім қабылдайды. Ұшқыштар жолын көрмесе де сәтті қонды. Жолаушылар дін аман.

Хабар 24 телеарнасы