389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстандағы жарылыстан екі күзетші қаза тапты

  • 473
  • UPD: 10:50, 01.08.2017

Ауғанстан астанасы Кабулдағы Ирак елшілігіне жасалған шабуыл кезінде екі күзетші қаза тапты.

Ал дипломаттар дін аман. Бұл туралы Ирактың Кабулдағы елшілігінің басшысы мәлімдеді. Дүйсенбі күні мұнда қатарынан екі жарылыс болды және тәртіп сақшыларымен қаскөйлер төрт сағаттай атысқан. Соңғы мәліметтерге қарағанда алғашқы жарылысты жанкешті жасаған. Іле-шала қастандықты «Ирак пен Левант» тобы мойындады. Ауғанстанның Ішкі істер министрлігі шабуылды төрт адамның ұйымдастырғанын растады. Оның бірі өзін-өзі жарып жіберген жанкешті. Ал үшеуі полициямен атыс кезінде қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы