385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хакерлер «Тақтар ойыны» сериалының сюжеті жайлы ақпаратты ұрлап кетті

  • 642
Хакерлер «Тақтар ойыны» сериалының сюжеті жайлы ақпаратты ұрлап кетті López-Dóriga Digital

Аталмыш сериал Америка телевизиясындағы ең қымбат жобалардың бірі болып саналады.

Белгісіз хакерлер америкалық НВО телеарнасының компьютер жүйесіндегі «Тақтар ойыны» телесериалының алдағы бөлімдері туралы ақпаратты ұрлап кеткен.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұрлықшылар телехикаяның бірнеше сериасының сюжетін жариялауға ниетті және ендігі мазмұны жайлы 2 ақпаратты жұртшылық назарына ұсынып та қойған.

Хакерлердің айтуынша, олар НВО-дан 1,5 терабайт ақпарат ұрлап үлгеркен екен. Ал телеарна өкілдері компьютерлерінің кибер шабуылға ұшырағанын мәлімдеді.

Жұмыскерлер арасында тараған қызметтік хаттамаға сай аам ойын іске асырушылар «коммерциялық ақпаратқа» қол жеткізген. Бірақ дәл қайсысына екені беймәлім. Бұл құжат АВС телеарнасының сайтында жарияланды.

«Біз құқық қорғау органдарымен бірлесіп, осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы фирмалар да осы іске жұмылдырылды. Ақпараттың құпиялығы НВО үшін өте маңызды және біз өз міндетімізге үлкен жауапкершілікпен қараймыз», – деп жазылған хаттамада.

«Тақтар ойыны» жазушы Джордж Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдар желісі бойынша түсірілген фэнтези жанрындағы америкалық драмалық телесериал. Алғашқы маусымының тұсаукесері HBO арнасында 2011 жылы 17 сәуірде өтті және ол америкалық телевизияда бүгінде ең құнды жобалардың бірі болып саналды.

Хабар 24 телеарнасы