389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барселонада теракт жасаған басты күдіктіні полиция таба алмай жатыр

  • 501
  • UPD: 14:28, 21.08.2017

Испания полициясы Барселонадағы лаңкестікті жасаған басты күдікті – 17 жастағы Мусса Убакирді (Moussa Oubakir) әлі таппай жатыр.

Қазір оның көлікті жалға алу үшін ағасының құжатын қолданғаны анықталды. Сондай-ақ билік өкілдері «теракт кезінде алаңда халық көп болғандықтан, полиция қару қолдана алмаған» деп отыр. Ал қаскөй қанды қырғынды жасау үшін екі фургонды жалдайды. Оның бірімен қанқұйлы жоспарын жүзеге асырса, екіншісін Барселонадан солтүстікке қарай Вик шаһарына тастап кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Барселонаның орталығында бір ер адам шағын автобуспен көшедегі адамдарды қағып, салдарынан соңғы мәлімет бойынша 15 кісі қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. Бірнеше сағаттан кейін Камбрильс қаласында да дәл осындай шабуыл жасалады. Бірақ полиция барлық 5 лаңкестің көзін жойды. Ал бірінші терактіге қатысты қазір 4 адам ұсталды. Оның ішінде Мусса Укабирдің ағасы Дрисс Укабир де бар. Бірақ басты күдіктіні қолға түсіру әлі мүмкін болмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы