384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда жаппай ереуілдер белең алды

  • 534
  • UPD: 10:07, 13.09.2017

Наразылық шаралары Марсель, Монпелье, Лион, Бордо қалаларында өткен. Ал ел астанасы Парижде шеру соңы полицейлермен қақтығысқа ұласты.

Мұнда бетіне бетперде киген ереуілшілер тәртіп сақшыларына тас пен пиротехникалық заттар лақтыра бастаған. Ал күштік құрылым өкілдеріне су атқыштар мен көзден жас ағызатын газды қолдануға тура келді. 3 адам қамауға алынған. Жұрттың бұлай ашуға булығуына − биліктің жосықсыз әрекеті себеп. Өйткені француз үкіметі парламентте дауысқа салмай-ақ, Еңбек кодексі реформасын жүзеге асыруды көздеп отыр.

Еңбек министрінің айтуынша, құжат жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізуі тиіс. Өйткені қазір Францияда 6 миллион тұрғын екі қолға күрек таппай жүр. Алайда қарсы тараптың айтуынша, бұл реформа бар болғаны жұмыс берушілердің өкілеттігін арттыруға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы