386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада әйел адамдар шаштарын сатуға мәжбүр болып отыр

  • 542
  • UPD: 08:42, 27.09.2017

Экономикалық дағдарыс жұмыс орындарының қысқарып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының көтерілуіне әкеліп соққан.

Ал елдегі орташа жалақы айына 6 АҚШ долларын құрайды. Көбісі қолаң шаштарын 20 долларға сатып, күн көріп отыр. Ал кейбіреулері көршілес Колумбия мен Панамаға барып, сауда жасайтын көрінеді. Өйткені ол жақта тауарларын әлдеқайда қымбатқа пұлдай алады.

Крисмари Гонсалес, жергілікті тұрғын:

– Басқа шара жоқ. Шашымды сатып, балаларыма қажетті нәрселерді, азық-түлік сатып аламын. Екі мәрте осылай жасадым. Тіпті 14 жасар қызымның да шашын сатып жіберуге тура келді.

Хабар 24 телеарнасы