387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда әскерилер Омар кен орнын содырлардан азат етті

  • 464
  • UPD: 09:12, 23.10.2017

Сирияның демократиялық күштері деп аталатын араб-күрд әскерилері Омар мұнай кен орнын лаңкестерден азат етті.

Бұл операцияға АҚШ-тың әуе күштері де атсалысты. Дегенмен кен орнының Евфрат өзенінің шығыс жағасындағы бір бөлігі әлі де содырлардың бақылауында. Бұл аумақ лаңкестердің негізгі табыс көзі саналады. Сонымен қатар Иран мен Ресейдің қолдауындағы үкімет жасағы мен Сирияның демократиялық күштері Дейр-эз-Зор провинциясындағы мұнай кен орнындарына шабуыл жасап жатыр. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында олар осы провинцияда орналасқан содырлардың уысындағы ең үлкен газ кені Коноконы басып алған еді.

Хабар 24 телеарнасы