389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияға заңсыз жолмен дизельдік отын тасыған Индонезия азаматтары ұсталды

  • 414
  • UPD: 11:53, 06.11.2017

Италияда полицейлер Сиракуза кемежайынан 100 тонна дизельдік отын тәркіледі.

Қаскөйлер оны кемеге тиеп, заңсыз жолмен елге алып өтпек болған.

Мұнда сондай-ақ 11 тонна контрабандалық темекі табылды. Су көлігінде 5 адам болған. Олардың барлығы Индонезия азаматы. Ал кеменің Ливиядан аттанғаны белгілі.

Бірақ су көлігіне Африкадағы өзге ел Того жалауы тағылған. Полицейлердің хабарлауынша, экипаж мүшелері бұған дейін де Италияға заңсыз жолмен дизельдік отын әкелген. Жалпы контрабандалық өнім құны 40-50 миллион еуроға бағаланып отыр.    

Хабар 24 телеарнасы