379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дональд Трамп Солтүстік Кореяны келіссөзге шақырды

  • 551
  • UPD: 15:47, 08.11.2017

Азия елдеріне ат басын бұрған АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшылығын бір үстел басында отырып, келіссөз жүргізуге шақырды.

Ақ үй басшысы мұндай мәлімдемені Оңтүстік Кореяда өткізген баспасөз конференциясында айтты.

Президент бітімге келудің бір Пхеньян үшін емес, жалпы адамзат атаулыға маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізу уақытты бос өткізумен тең деген болатын.

Бірақ әлемдік басылымдар оның өз ұстанымын өзгерткенін хабарлады. Жалпы Ақ үй басшысы осы сапарында Азиядағы бес мемлекетке барады деп жоспарланған.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Мен жер бетінде ядролық қару қолданылмаса екен деп тілеумен келемін және одан үмітім зор. Адамзат баласының болашағы үшін Солтүстік Кореямен бейбіт мәмілеге келуіміз керек. Әрі бұл тұрғыда жағымды үдерістер болады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы