387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда 12 тонна кокаин тәркіленді

  • 452
  • UPD: 10:21, 09.11.2017

Ел президенті Хуан Мануэль Сантостың  мәлімдеуінше, бұл ел тарихында бұрын-сонды қолға түскен есірткінің ең ірі партиясы екен.

Арнайы операцияға 400-ге жуық құқық қорғаушы жұмылдырылған. Кокаин елдің солтүстігіндегі банан өсірілетін фермаларда жасырылған болып шықты. Полицейлердің дерегінше, есірткі партиясы «Шығанақ қауымы» атты қылмыстық топқа тиесілі екен. Айта кетейік, бұған дейін Панама елінде 10 тонна марихуана мен кокаинның көзі жойылған еді.

Хуан Мануэль Сантос, Колумбия Президенті:

– Шет елден келген барлау қызметінің арқасында операция сәтті өтіп, өте үлкен көлемдегі кокаин партиясын тәркіледік. 40 жыл бойы есірткі саудасымен күрес жүргізіп келеміз, алайда 12 тонна көлемінде ешқашан қолға түсіргеніміз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы