389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда жарылыстан үш адам көз жұмды

  • 453
  • UPD: 19:45, 09.11.2017
Пәкістанда жарылыстан үш адам көз жұмды Photo-day.ru

Пәкістанда жанкешті жарылыс жасап, үш адамды мерт етті.

Тағы үшеуі жарақат алды. Қастандық полиция қызметкерлеріне бағытталған. Шабуылдан Белуджистан провинциясының бас инспекторы мен жүргізушісі және бір әріптесі көз жұмды. Шабуылды Пәкістандағы «Талибан» тобы мойнына алды. 

Айта кетейік, Белуджистанда өткен жылдың соңында бірнеше қастандық жасалып, қарулы қақтығыстардан 180 адам қаза тапты. Осыған байланысты аймақта тәртіп сақшыларының саны көбейтілді.

Хабар 24 телеарнасы