366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда тұтқындағы адамдар құтқарылды

  • 251
  • UPD: 22:03, 19.11.2017

Ауғанстанда қауіпсіздік күштерінің арнайы жасақтары Гильменд провинциясында Талибан радикалды қозғалысы содырларының қолынан 30-дан астам адамды босатты.

Оларды тәліптер Навзад уезіндегі өздерінің түрмесінде ұстап келген.

Елдің қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше операция кезінде құтқарылғандардың арасында 2 полицей мен 12 жасқа дейінгі 4 бала бар. Жергілікті билік өкілдері: «Тәліптер бұл жандарды үкіметті қолдап қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен байланысы үшін абақтыға қамаған», –  деп отыр.

Айта кету керек, Ауғанстанда соңғы уақытта ауылды жерлерде ықпалы басым «Талибан» радикалды қозғалысы әскери қимылдарын үдетіп, ірі қалаларды бақылауына алуға күш салып жатыр. Бұған қоса «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымы содырларының да әрекеті белең ала бастаған.

Хабар 24 телеарнасы