378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сингапур мен Филиппин жауынгерлері бірлескен оқу-жаттығу өткізді

  • 424
  • UPD: 12:28, 14.12.2017

Осы арқылы қос тараптың жауынгерлері қала ішіндегі әскери іс-қимылдарға машықтануды көздейді.

Бірлескен оқу-жаттығу өткізу туралы бастаманы Сингапурдың Қорғаныс министрі көтерді. Тіпті өздерінің жаттығу алаңын да ұсынды.

Лиёкок Кеонг, Сингапур қарулы күштерінің полковнигі:

– Филиппин әскерилерімен тәжірибе алмасу барысында қала жағдайындағы қауіпті жоюға арналған жоспарымыздың бағытын айқындадық. Сондай-ақ лаңкестікке қарсы қадамдардың маңыздылығын ұқтық. Достық пен байланыс және кәсіби әріптестік екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. Аймақта тұрақтылықты сақтауға негіз болады.

Азияның оңтүстік-шығысындағы мемлекеттердің бірлесе әрекет етуіне «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» бүлік бастайтын жаңа жер іздеуі түрткі болды. Аймақтағы үкіметтер ақпарат алмасып, қиын қыстауда бір-біріне қол үшін бере бастады. Ағымдағы жылдың мамыры мен қазаны аралығында Филиппинде лаңкестерден Марави қаласын азат ету операциясы өткен болатын. Қақтығыстардың кесірінен мыңнан астам адам қаза тапты. Басым бөлігі радикалдар.  

Хабар 24 телеарнасы