385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда мандарин жинау маусымы мәресіне жақындады

  • 624
  • UPD: 14:30, 09.01.2018

Жаңажылдық дастарханның нышаны – иісі аңқыған мандариндер мереке аяқталып қалса да үстел үстінен үзілмей тұр. Грузияда мандарин жинау маусымы енді мәресіне жетеді.

Ауа райының қолайсыздығы, үскірік аяз да, қаптаған жәндіктер де биылғы жылы Грузия фермерлеріне 20 мың тонна мандарин жинап алуға бөгет бола алмады. Бұл түсім жақын арада экспортталып, Ресей, Украина, Әзербайжан мен Қазақстанның дүкен сөрелеріне жеткізіледі. Грузин мандариндерін шет елдерге экспорттаудың қызған шағы жаңа жыл алдындағы қарбаласқа тап келді. Бірақ маусым қорытындысы тек қаңтар айының соңына таяу белгілі болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 15 тоннадан аса мандарин Қазақстанға жіберілген. Былтыр Грузияда 12 мың тоннаға жуық цитрус жиналған. 2018 жылы терім маусымының соңына дейін 55 мың тонна мандарин жинау жоспарланып отыр. Грузиндік цитрусты импорттаушы басты елдердің ішінде Қазақстан тұрақты түрде төртінші орында тұр.

Автандил Месхидзе, Аджария ауыл шаруашылығы министрі: 

- Грузия мандариндері кеңінен танымал. Дегенмен, Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде оларды белсенді түрде жарнамалап жүрміз. Тіпті шетелдегі әріптестеріміздің басын қосып, оларға  біздің цитрус өндірісі жөнінде талдап айтып беретін арнайы «Мандарин форумын» құрдық. Қазақстан бізді бағалай алады деген үміттеміз және бұл елге жеткізетін өнімдерімізге сұраныс артады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы