386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Альпі тауының Швейцариядағы бөлігі қар құрсауында қалды

  • 622
Альпі тауының Швейцариядағы бөлігі қар құрсауында қалды

Соңғы күндері мұнда ақ ұлпа әдеттегіден екі есеге көп жауған.

Салдарынан сырғанауға арналған Церматт демалыс орнынан 13 мың адам шыға алмай қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты  әуелі автокөлік жолдары жабылған еді. Кейін теміржол қатынасы да тоқтады. Оның үстіне демалыс орны жарықтан ажыратылды. Саяхатшылардың кейбірі қар көшкіні жүруі мүмкін қауіпті аймақта қалған. Оларды эвакуациялау үшін тікұшақтар жіберіліп жатыр.

Жергілікті синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуларынша, қарлы ауа райы әлі бірнеше күн жалғасуы мүмкін. Альпі тауының Италиядағы бөлігінде де жағдай осыған ұқсас. Мұнда қарлы боран салдарынан мектептер мен балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты. Кей елді мекендерге қатынайтын жолдар жабылып, қаланың орталығымен байланыс үзілген.

Хабар 24 телеарнасы