367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ноттингемдегі теміржол вокзалы отқа оранды

  • 233
  • UPD: 18:27, 12.01.2018

Ұлыбританияның Ноттингем қаласындағы теміржол вокзалы отқа оранып, тілсіз жаумен 8 бригада күресіп жатыр.

Ғимараттағы барлық адамдар эвакуацияланған. Өрт таңғы 7 шамасында шыққан. Төтенше жағдайға байланысты вокзалдан қатынайтын барлық пойыздар жүрісі тоқтатылды. Әзірге жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ оттың неден шыққаны да белгісіз. Ал шаһардағы бұл теміржол вокзалы 1904 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ескі ғимараттың жанына орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы