367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде экологиялық қауіптің сарғылт-қызыл деңгейі жарияланды

  • 304
  • UPD: 15:47, 14.01.2018

Қытай астанасында биыл ауаның ластануы қайтадан белгілі мөлшерден асып, қауіп деңгейі сарғылт-қызыл түске көтерілді.

Мемлекеттік қоршаған ортаны бақылау орталығының мәлімдеуінше, түтін Бейжіңмен бірге Шаньдун, Шаньси және Хэнань аймақтарын да тұмшалаған. Осыған байланысты билік балалар мен қарт адамдардан көшеге шықпай, үйде отыруға кеңес берді. Сондай-ақ қалалардағы кей құрылыс жұмыстары тоқтатылып, жолдар жабылды. Ал сарапшылардың айтуынша, ауаның ластануына жеке тұрғын үй секторларының от жағуы себеп.

Айта кетейік, қараша айының бас кезінде де Қытай астанасын бірнеше күн түтін басып, ауаның ластануынан туындаған қауіп жоғары деңгейге дейін көтерілген еді.

Бейжің тұрғыны:

– Түтін алдымен қарт адамдар мен мен балаларға қауіпті. Егде адамдардың ауруларын қоздырса, балалардың дамуына кері әсер етеді.

Бейжің тұрғыны: 

Қазір қыс мезгілі, оның үстіне соңғы бірнеше күнде жел тұрып, аспан ашық болған. Бірақ шаһарды түтін қайта тұмшалап, адамдардың көңіл күйін жабырқатып тастағандай. Жуырда ауа қайта тазаратын шығар деп үміттенемін.

Осы категория бойынша: « Тунисте әлеуметтік жәрдемақы сомасы өсетін болды Палестинаны азат ету ұйымы ислам мемлекеттерінен қаржылай көмек сұрады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы