385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда карнавал кезінде жарылыс болды

  • 507
  • UPD: 19:17, 15.02.2018
Боливияда карнавал кезінде жарылыс болды

Боливияның Оруро қаласында өтіп жатқан карнавал кезінде тағы жарылыс болып, 4 адам қаза тауып, 9 кісі жараланған.

Оқиға өткен жолғы газ баллоны жарылған жерде болған. Бірақ бүгінгісі лаңкестік. Полиция жарылысқа байланысты 3 күдіктіні ұстады. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, өткен сенбі күні дәл осы салтанатты шара кезінде газ баллоны жарылып, 8 адам опат болып, 51 тұрғын жарақат алды. Ал Оруро қаласындағы карнавал – Латын Америкасындағы танымал салтанатты шараның бірі. Ол 2001 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасына енген. Жыл сайын оны көруге жүздеген мың турист барады.

Хабар 24 телеарнасы