385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ниццадағы карнавал ғарыш тақырыбына арналды

  • 427
  • UPD: 09:53, 19.02.2018

Францияның Ницца қаласында дәстүрлі карнавал басталды. Осымен 134-мәрте өтіп жатқан биылғы шара «Ғарыш королі» деп аталып, осы салаға және француз ғарышкері Том Пескеге арналып отыр.

Екі аптаға созылатын карнавалдың алғашқы күнінде шаһардың орталық алаңында бишілер мен сайқымазақтар өнер көрсетіп, түрлі кейіпкерлерді бейнелеген шеру өтті. Онда ойдан құрастырылған алып тұлғалармен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын және тағы басқа саясаткерлер сомдалды. Әлемдегі ең әйгілі карнавалдың бірі болып саналатын қызықты шара 3 наурызға дейін жалғасады. Ал шара өтетін ауданда қауіпсіздік күшейтілген. Себебі 2016 жылы осы шаһарда ұлттық мереке кезінде теракт жасалып, 86 адам көз жұмған болатын.

БЛИЦ:

  1. Мен таңертеңгілік шараны келіп көргем. Жақсы болды. Бірақ түнгісі одан да керемет екен.
  2. Маған ерекше бейнеленген саяси кейіпкерлер ұнады. Өте қызықты.
Хабар 24 телеарнасы