378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көктем мерекесінде Қытайдың жолаушылар тасымал жүйесі 40 күндік жұмыс кестесіне көшеді

  • 616
  • UPD: 20:14, 22.02.2018

Қытайда жолаушы тасымалының маусымдық қарбалас шағы басталды.

Елдің миллиондаған тұрғыны Жаңа жылды жақындарымен қарсы алып, туған қалалары мен ауылдарынан кері қайтады. Көктем мерекесіне орай жолаушылар нөпіріне үздіксіз қызмет көрсету үшін елдегі тасымал жүйесі 40 күндік ерекше жұмыс кестесіне көшеді.

Чуньюнь. Қытай Жаңа жылындағы жолаушылар тасымалы осылай аталады. Оны әлемдегі ең үлкен миграция деп те атайды.

Мереке күндері Қытайда теміржол, әуежай, автобекеттер құжынаған халыққа лық толады. Тіпті араның алып ұясындай гуілдейді. Бұл – жаңа жылды отбасымен қарсы алып, қайта жұмысқа асыққан қытайлар. Жұмысшы-мигранттар мен үйінен шалғайда қызмет істейтін тұрғындар тым көп. Сондықтан мереке қарсаңы мен одан кейінгі күндерде барлық жерде рейстер саны артты. Үлкен қалалар Бейжің, Шанхай және Гуанчжоу бағыттарында ұзақ қашықтықта жүретін жүрдек пойыздар жолға шықты. Ал жолаушы тасымалына жауапты мекеме әлемдегі ең үлкен мерекелік көштің сәтті сапарын қамтамассыз етуге міндетті.

Ван Ганг, Бейжің қаласының тұрғыны:

– Чуньцзе – барлық туыстың басын қосатын тамаша мереке. Мен екі жылдай үйге бара алмаған едім. Осы жолы отбасыммен отырып, көктем мерекесін қарсы алдым да, қарбаласқа түсіп қалмайын деп ертерек қалаға кері қайттым.

Қытай Жаңа жылы наурыздың екісіне дейін тойланады. Көктем мейрамының соңғы күні – Юаньсяоце, яғни мыңдаған қызыл шамдарды аспанға ұшыратын мерекемен жалғасады. Мемлекеттік туризм басқармасы жариялаған мәлімет бойынша биыл мейрамның алғашқы төрт күнінде ішкі туризмен түскен табыс 55 миллиард АҚШ долларынан асты.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы