383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижге баратын саяхатшылар саны артты

  • 608
  • UPD: 15:06, 23.02.2018
Парижге баратын саяхатшылар саны артты

Өткен жылы Франция астанасы Парижге келген саяхатшылардың қарасы артып, 2016 жылғы лаңкестіктен кейін шаһар туризмі қалпына келе бастады.

Бұл туралы Иль-де-Франс аймағының туризм жөніндегі комитеті мәлімдеді. Ресми дерекке қарағанда, өткен жылы өңірге 34 миллионға жуық саяхатшы келіп, оның көлемі 9,5 пайызға өскен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Әсіресе Жапония, Қытай, АҚШ және Германия елдерінің саяхатшылары көбейген. Сөйтіп шаһар бюджетіне 20 миллиард еуро кіріс әкелген. Ресми өкілдер бизнес туризмнің де 7,5 пайызға артқанын айтады.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы қарашада Парижде бірнеше теракт жасалып, шаһар туризміне үлкен нұқсан келген еді. 

Эрик Жюнметр, аймақтық туризм кеңесінің төрағасы:

- 2016 жылы Париж шаһарының туризмі үшін дағдарыс болды. Бірақ өткен жылы саяхатшылардың қарасы 10 пайызға артып, қуанып қалдық. Бұл – Париж қаласы аймағы үшін өте жақсы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы