387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда лаңкестер гуманитарлық дәлізден бейбіт тұрғын кейпінде өтіп кетіп жатыр

  • 599
  • UPD: 20:29, 03.03.2018
Сирияда лаңкестер гуманитарлық дәлізден бейбіт тұрғын кейпінде өтіп кетіп жатыр

Сирияның Шығыс Гута ауданын торуылдаған террористер айласын асырып жүр.

Содырлар осындағы тұрғындардың үйлерін тінтіп, гуманитарлық дәлізден өтуге жол ашатын бір жапырақ рұқсат қағазын тартып алып жатыр.

Бұл туралы Сириядағы соғысушы тараптарды бітімге келтіру орталығы хабарлайды.

«Ақпаратқа сәйкес, Шығыс Гутадағы заңсыз қаруланған топтардың мүшелері жергілікті тұрғындардың үйін жаппай тінтіп, оларға Бітімге келтіру орталығы берген парақшаны тартып алып жатыр. Мұнан бөлек содырлар халықтың тамағын да тонап кетіп, аудандағы гуманитарлық жағдайды қиындатты», - деп мәлімдеді Ресей армиясының генерал-майоры Владимир Золотухин.

Гуманитарлық дәлізден өту үшін Сириядағы соғысушы тараптарды бітімге келтіру орталығы берген парақшаны көрсету керек. Дәлізден өту барысында адам ол парақшаны төбесіне қойып, оны қос қолымен ұстап өтуі тиіс екен.

Жалпы Шығыс Гутаға әуеден 100 мыңнан астам парақша тасталды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы