384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франциялық кеденшілер өткен жылы 100 тонна есірткі тәркіледі

  • 498
  • UPD: 09:44, 15.03.2018

Францияның кеден қызметі өткен жылы 100 тоннаға жуық есірткі затын тәркілепті.

Ал қазынаға салықтар мен төлемдерден 80 миллиард еуро кіріс кірген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда, 4,6 пайызға артық. Мұндай мәліметті Франция кеден қызметінің басшысы Родольф Гинц жариялады. Оның айтуынша, есірткінің басым бөлігі Латын Америкасынан жеткізіліп отырған. Сөйтіп Австралия мен Жаңа Зеландияға тасымалдау жолдарын тапқан. Кеденшілер мұны Колумбияда кокаин жасайтын кока өсімдігі алқабының күрт өскенімен түсіндіреді. Сондай-ақ құзыретті орган ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейтіп, құны 862 миллион еуро болатын контрафактілік өнімді тәркіледі. Ал француз кеденшілерінің мұндай жетістікке қол жеткізуіне 2015 жылғы лаңкестіктерден соң кеден қызметі мамандарының санын көбейтуі ықпал еткен.

Родольф Гинц, Франция кеден қызметінің басшысы:

– Біз ел аумағында 66 тонна есірткі тәркіледік. Бұдан бөлек кедендік барлау қызметінің араласуымен шет елдерде тағы 33 тонна есірткінің жолы кесілді. Бұған осы заттарды өндіру мен тасымалдау аймағына жақын әрекет ете бастауымыздың нәтижесінде қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы