386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда ШЫҰ-ның аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кезекті отырысы өтеді

  • 627
  • UPD: 08:03, 05.04.2018
Өзбекстанда ШЫҰ-ның аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кезекті отырысы өтеді Фото: mod.gov.kz

Бүгін Өзбекстанда Шанхай Ынтымақтастық ұйымының аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кезекті отырысы өтеді.

Онда ұйымға мүше алты елдің өкілдері терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресте өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін жан-жақты талқылайды. Халықаралық және аймақтық деңгейдегі жаңа сынақтар мен қатерлерге төтеп беру жолдары қаралады. Радикалды және діни идеологияның ғаламтор арналары арқылы таралып кетпеуін қадағалау сынды бірқатар маңызы зор мәселе қаралады.

Хабар 24 телеарнасы