385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия төңірегіндегі жағдай ушықты

  • 603
  • UPD: 21:24, 09.04.2018
Сирия төңірегіндегі жағдай ушықты

Сирияда химиялық қару қолданылды деген ақпар Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтыра түсті.

Дума – Шығыс Гутадағы жасақшылар қалған соңғы елді мекен. Онда бірнеше күннен бері қақтығыстар үдеп барады. Әскери қимылға танк, зеңбірек және авиация тартылған. Ал соңғы ақпар бойынша тіпті химиялық қару қолданылыпты. Екі жүзге жуық адам қаза тапқан. Жараланғандар бойынша нақты мәлімет жоқ. Сирия әскері болса бұл шабуылға қатысымыз жоқ деп отыр. Дегенмен соққыға қарсы жауап қайтарған. Осыдан соң Сирия әскерінің ауқымды әуе базасына зымыранмен шабуыл жасалып, ғимараттың күлі көкке ұшты. Сирия бұл іске АҚШ және Израиль жауапты десе, қос мемлекет тағылған айыптың орынсыз екендігін айтты. Тель-Авив Сирияның химиялық қаруды тіпті өз аумағында қолдануын жазасыз қалдырмайтынын ескерткен еді. Бірақ Израиль әдеттегі саясатын ұстанып келеді. Шабуыл жасайды, бірақ оған қатысы барын мойындамайды. Осыдан соң Араб елдері тез арада БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесін жинап, Сириядағы жағдайды талқылауды ұсынып отыр. Себебі бүкіл ел гуманитарлық дағдарысқа ұшырап, Шығыс Гутада қантөгістер тоқтар емес. Бейбіт тұрғындардың басына түскен қайғы адам сенгісіз. Әзірге отырыстың нақты күні бекітілмеді.

Хабар 24 телеарнасы