388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальтада туристік автобус апатқа ұшырады

  • 381
  • UPD: 12:19, 10.04.2018
Мальтада туристік автобус апатқа ұшырады

Мальтаның Зуррик қаласында туристерге арналған автобус апатқа ұшырап, 2 адам көз жұмды.

Тағы 50 шақты жолаушы жарақат алған. Соңғы деректерге қарағанда марқұмдардың екеуі де шетел азаматы. Бірі 62 жастағы бельгиялық. Екіншісі 37 жастағы испан. Ал жараланғанардың алтауы ауыр халде жатыр. Екеуі бала. Олар да шаһарға саяхаттап келген.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, екі қабатты автобус бұталары төмен түсіңкі ағаш арасымен жүріп өткен. Сол сәтте төбесі ашық автобустың екінші қабатында отырған саяхатшылар жапа шеккен. Құқық қорғаушылар оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын бастады. Ал елдің премьер-министрі Джозеф Мускат марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы