379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-Солтүстік Корея кездесуі Моңғолия жерінде өтуі мүмкін

  • 609
  • UPD: 18:37, 11.04.2018
АҚШ-Солтүстік Корея кездесуі Моңғолия жерінде өтуі мүмкін

АҚШ пен Солтүстік Корея президенттерінің кездесуіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр.

Бұл ақпаратты Мемлекеттік департмент ресми түрде растады. Әзірге саммитті кімнің ұйымдастырып жатқаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Вашингтон мен Пхеньян келіссөзді Орталық барлау басқармасы арқылы жүргізген еді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның жүздесуі мамырдың соңына дейін өтеді деп күтілуде. Бірақ ресми басқосудың нақты қай жерде өткізілетіні әлі белгіленген жоқ. Саммиттің Моңғолия астанасы Ұланбатырда ұйымдастырылуы да ғажап емес.

Хабар 24 телеарнасы