385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ким Чен Ын Мун Чжэ Инмен өткен келіссөз туралы өзі хабарлайтынын айтқан

  • 520
  • UPD: 07:25, 27.04.2018
Ким Чен Ын Мун Чжэ Инмен өткен келіссөз туралы өзі хабарлайтынын айтқан

Қос Корея басшыларының кездесуіне қатысты соңғы жеткен ақпарат осы әзірше.

Бүгін бүкіл әлем Пханмунджомға көз тігетіні анық. Жетпіс жыл бір-біріне қырын қараған бауырлас мемлекеттер жоғары деңгейдегі басқосуға ынта білдірді. Оңтүстік Кореяның да, Корей Халықтық Демократиялық Республикасының да президенттері шекарадағы әлгі елді мекенді бетке алды. Бұл – шын мәнінде тарихи оқиға. Әлем қағынып, қамығушылар саны артып тұрған шақта тіл табысуға ұмтылған бауырлардың іс-әрекеті бейбітшілікке дауыс беретіндердің көңілін көншітетіні анық. Солтүстік Корея спортшыларының көрші елде өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы, салтанатты шеруде бір тудың астында болуы алғашқы игі қадамдардың бірі болған. Ал осыдан бір апта бұрын ресми Пхеньян ядролық сынақтарды доғарып, полигонын жабатынын хабарлады. Осыдан кейін Сеул  шекаралас аумақта дауыс зорайтқышпен үгіт-насихат жүргізуін тоқтатты. Басқосуда талқыланатын басты тақырыптар ядролық қарусыздану мен Корея түбегінде бейбітшілік орнату болмақ. Өткен ғасырда үш жыл бойы бір-бірімен соғысқан екі ел 1953 жылы ауқымды әскери қимылын доғарғанымен, арасында әлі бейбіт келісімшарт жасалған жоқ. Сол себептен халық тығыз қоныстанған бүкіл аймақ осы басқосуға үлкен үміт артып отыр. Саммит шетелдік ақпарат құралдары тарапынан аса қызығушылық тудырса керек-ті. Басқосуға 34 елден үш мыңға жуық журналист келген. Олардың қатарында біздің өз тілшіміз Владислав Цой да бар. Демек ақпаратты арнаулы тілшіден күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы