387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль әскерилері Газа секторын бомбалады

  • 390
  • UPD: 11:38, 13.05.2018
Израиль әскерилері Газа секторын бомбалады

Израиль әуе күштері Газа секторының солтүстігінде қарулы топтардың нысандарын бомбалады.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Бейт-Ханун мекені маңындағы содырлардың  жерасты жолдары талқандалған. Бірақ Газа тұрғындарының айтуынша, ұшақтар өңірдегі электрстанцияны да нысанаға алған. Әзірге әскери операциядан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Ал бұған дейін Израиль тарапы Керем-Шалом шекарадағы бақылау-өткізу бекетін жапқан. Өйткені жұма күнгі палестиналықтар мен әскерилердің қақтығысынан бекет бүлінген.

Еске сала кетейік, Газа секторы мен Израиль шекарасындағы наразылық шаралары наурыздың аяғынан бері жалғасып келеді. Тұрғындар Тель-Авивтен палестиналық босқындардың жерлерін қайтарып беруді талап етіп отыр. Содан бері қақтығыс кезінде 50-ден астам адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы