388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газа секторындағы қақтығыста қаза тапқан палестиналықтардың саны 59-ға жетті

  • 548
  • UPD: 11:20, 15.05.2018
Газа секторындағы қақтығыста қаза тапқан палестиналықтардың саны 59-ға жетті Фото: inshe.tv

Газа секторында Израиль әскерилерімен қақтығыста қаза тапқан палестиналықтардың саны 59-ға жетті.

Қатарында газға уланған 8 жасар қыз бар. 2 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Бұған дейін 55 жанның көз жұмғаны туралы жарияланған еді. Бас көтеруге Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуы түрткі болды. Газаның қауіпсіздік бекеті жанына 30 мыңнан аса палестиналық жиналды. Ашуға булыққан олар жан-жағындағы мүліктерді жаппай қиратқан. Ал кейбіреулері Израиль әскерлеріне тас лақтыруда. Бұған қарсы жауап ретінде тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен қару қолданып жатыр.

Саиб Орейкат, палестиналық бас келіссөз жүргізушісі:

– Ондаған адам Израиль әскерилерінің қолынан қаза тапты. Бұл дегеніңіз соғыспен пара-пар. Осы ретте халықаралық қауымдастық палестиналықтарға қол ұшын беруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы