366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кубадағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты

  • 154
  • UPD: 11:08, 26.05.2018
Кубадағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты

Куба астанасы маңында болған ұшақ апатынан қайтыс болғандар саны артты.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апаттан аман қалған 3 әйелдің біреуі көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, 18 мамыр күні Гавана әуежайынан елдің шығысындағы Ольгин қаласына ұшып шыққан Куба мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы әуеге көтеріле салысымен көп ұзамай жерге құлады. Дерек бойынша қайғылы оқиғадан 112 адам ажал құшқан. Ұшақ апатының себебі белгісіз. Қазір Куба осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы