387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемала: жанартаудың атқылауынан адам шығыны толастар емес

  • 689
  • UPD: 12:17, 07.06.2018
Гватемала: жанартаудың атқылауынан адам шығыны толастар емес

Гватемалада орналасқан Фуэго жанартауының атқылауынан қаза тапқандардың саны 99-ға жетті.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап жатыр. Бұған дейін 84 кісінің ажал құшқаны жарияланған еді. 3 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 1 жарым мыңнан астам тұрғын уақытша орталықтарға орналастырылған.

Еске сала кетейік, Фуэго жанартауы жексенбі күні атқылай бастады. Онан шыққан күл 10 шақырым биіктікке дейін көтеріліп, 2 миллион халық тұрып жатқан 5 өңірді шарпыды. Ал жанартаудың биіктігі 3,7 шақырымды құрайды. Фуэго Жердегі ең белсенді жанартаулардың бірі саналады. Ол ел астанасы 40 шақырым жерде орналасқан. Апатқа байланысты елде 3 күндік аза тұту жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы