389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда үкімет құрамына енген елді мекендерге шабуыл жасалды

  • 406
Сирияда үкімет құрамына енген елді мекендерге шабуыл жасалды

Сирияның оңтүстігіндегі деэскалация аймағында «Джебхат ан-Нусра» ұйымы үкіметтің құрамына енген кей елді мекендерге шабуыл жасады.

Сирия әскері экстремистерге жауапты соққы беріп, дер кезінде тоқтатты. Соғысып жатқан екі тарапты татуластыру орталығының деректеріне сәйкес, қақтығыс кезінде 70 шақты жауынгер ұсталды. Сонымен қоса лаңкестер соғыс қаруымен жабдықталған 3 көлігінен және ірі калибрлі зеңбірегі бар 14 жеңіл машинасынан айырылды. Үкімет әскерінің шығыны жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ. Айта кету керек, өткен демалыс күндері Дамаск құрамына Эт-Тубба елді мекені өз еркімен қосылды. Оңтүстік деэскалация аймағында енді 12 бекет бар.

Еске сала кетейік, Сириядағы қақтығыс 2011 жылы басталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, қақтығыс барысында 400 мың адам қаза тауып, 10 миллионы үй-күйінен айырылды. Тағы 5 миллионға жуық адам өзге елге босып кетті.

Хабар 24 телеарнасы