380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада аптап ыстықтан 50-ден астам адам көз жұмды

  • 592
  • UPD: 16:48, 07.07.2018
Канадада аптап ыстықтан 50-ден астам адам көз жұмды Корреспондент.net

Канадада соңғы бір апта бойы тұрған аптап ыстықтан қаза тапқан адамдардың саны 50-ден асты.

Бұған дейін 17 адамның көз жұмғаны хабарланған. Опат болғандардың көбі қарттар. Елдің ірі қалаларының бірі Монреальда соңғы күндері ауаның температурасы 45 градусқа жеткен. Жергілікті билік табиғаттың тылсым күшінің кері әсерін болдырмау үшін түрлі шараларды қолға алып, субұрқақтардың жұмыс уақытын созды. Көп жерлерде желдеткіштері мен салқын сусындары бар арнайы орындар ашылды. Ал мамандардың айтуынша, Квебек аймағында мұндай аптап ыстық 2010 жылдан бері болмапты. Ол кезде шыжыған күнге шыдамай 106 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы