384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда жүз мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді

  • 1291
  • UPD: 17:19, 10.07.2018
Оңтүстік Кореяда жүз мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында «Корея-Орталық Азия» атты жастар саммиті өтті.

Онда Орталық Азияның бес мемлекеті мен Корея Республикасының студенттері заңсыз көші-қон мен терроризм мәселесін жан-жақты талқылады.

«Корея-Орталық Азия» жастар саммиті 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған әр мемлекеттен таңдаулы төрт студент қатысады. Олар екі топқа бөлініп, ағылшын тілінде маңызды екі тақырыпты жан-жақты талқылайды.

Ким Бо Хён, Азиялық алмасу қоғамдастығының қызметкері:

– Біздің саммиттің мақсаты – оңтүстіккореялық және Орталық Азияның студенттері бір-бірімен танысып, пікір алмасуы және аймақтағы жағдайдан хабардар болуы.

Өткен жылғы саммиттің тақырыбы Ұлы Жібек жолының қайта жандануы мен ядролық қару таратпау мәселесіне арналған еді. Ал биыл алты мемлекеттен келген студенттер заңсыз көші-қон мен терроризм мәселесін талқылады.

Джанг Ин Тэ, «Корея-Орталық Азия» жастар саммиті хатшылығының өкілі:

– Бүгінде Кореяда босқындар мәселесі бар. Ал терроризм кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Сол үшін осы екі тақырыпты жастар форумына арнайы таңдап алдық.

Аян Кизабекова, Solbridge халықаралық бизнес мектебінің магистранты:

– Оңтүстік Корея саммитте өз технологияларын ұсынды. Елге радикал адамдардың кірмеуін немесе террористі елден шығармаудың жолдарын үйренеміз. Бұл – арнайы биометриялық жүйе.

Заңсыз еңбек миграциясы және босқындар – бұл Оңтүстік Кореядағы маңызды мәселелердің бірі. Соғыс жүріп жатқан Йеменнің азаматтары осы жылдың бірінші маусымынан бастап елге визасыз кіре алады. Бүгінде визасыз тәртіпті бес жүзге жуық йемендік қолданып үлгерген. Олардың барлығы босқын мәртебесін алу үшін өтініш берді. Бұл үдеріске мыңдаған оңтүстіккореялық қарсылық білдіріп, ереуілге де шыққан еді. Сондай-ақ визасыз тәртіп Қазақстан мен Корея арасында да бар. Кейбір мәліметтерге сай, бұл елде жүз мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Оның бестен бірі – заңсыз келгендер.

Гүлназ Шәкәрімова, Пусан ұлттық университетінің студенті:

– Корея мемлекетіне келмей тұрып, кәріс тілін үйрену керек. Және де төлқұжатсыз келетіндер көп. Сондықтан тексеруді күшейту керек деп ойлаймын.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, саммитке қатысушылар өз саласының көшбасшысы атанып, Кореяның Орталық Азиямен ынтымақтастығын нығайтуға септігін тигізбек.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы