389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай араб елдеріне 20 млрд доллар несие береді

  • 626
  • UPD: 11:43, 12.07.2018

Қытай үкіметі араб елдеріне 20 млрд доллар құрайтын несие беруге дайын.

Сонымен қатар Сирия, Иордания және Йемен елдеріне гуманитарлық көмек жібермек. Оған 106 млн долллар бөлінеді. Мұндай мәлімдемені Қытай басшысы Си Цзиньпин Бейжіңде өткен қытай-араб ынтымақтастық форумында айтты. Ол сондай-ақ Қытайдың Орталық Азия, Шығыс Африка және Үнді мұхитын Жерорта теңізімен байланыстыратын порттар мен темір жолдар құрылысын және инфрақұрылымдарды дамытуға атсалысуға дайын екенін де атап өтті. Бейжің осы мақсатта қаржылық- несиелік бағдарламаны жүзеге асырып, жалпы сомасы 3 миллиард долларды құрайтын араб-қытай консорциумын құруды көздеп отыр.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Таяу Шығыстағы араб елдерінің Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеу» геостратегиялық жобасында маңызды ролі бар.  «Біз бір-бірімізге шынайы қарауымыз керек. Туындаған мәселелерді жедел шешу үшін сыртқы саясат пен даму стратегиясының әр қырын белсенді талқылап отыруымыз міндетті» деді Си Цзиньпин.

Хабар 24 телеарнасы