389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA Марстағы көктемді көрсетті (фото)

  • 758
  • UPD: 19:17, 15.07.2018
NASA Марстағы көктемді көрсетті (фото)

АҚШ-тың ғарыш агенттігі қызыл планетадан түсірілген әдеттегіден ерекше фотосуреттер жариялады.

Суретте Марстың беткі бөлігіндегі өрмекші мен оның өрмегіне ұқсас құбылыс бейнеленген. Мұндай құбылысты планетаның Оңтүстік полюсі бөлігіне көктем келген кезде жиі байқауға болады. Марста күн райы жылығанда көмірқышқыл газ мұз қабатын жарып өтіп, атмосфераға жетеді. Ал ол қалдырған саңылаудың айналасына қошқыл қоңыр түсті шаң қонады. Нәтижесінде Марстың беті өрмекші мен өрмекке ұқсас суретпен көмкеріліп шыға келеді.

Айта кету керек, фотосуретті Mars Reconnaissance Orbiter автоматты станциясы түсіріп жіберген.

NASA

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы