366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 200-ден асты

  • 113
Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 200-ден асты

Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аймақтарындағы су тасқыны мен лай көшкіндерінен қаза тапқандардың саны 225-ке жетті.

Тағы 14 тұрғын іздестіріліп жатыр. Табиғат апатынан елдің ондаған префектурасы зардап шекті. 4 жарым мың адам әлі үйлеріне орала алмай, уақытша орталықтарды паналауда. Көптеген ауданда жарық пен ауызсу жүйесі бұзылған. Дүкендер әлі жұмыс істемей жатыр. Биліктің мәлімдеуінше, жалпы табиғат апатынан келген шығынның көлемі 697 миллион долларға жеткен. Еске сала кетейік, осы айдың бас Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аймақтарына «Прапирун» дауылы соғып, оның соңы жауынға ұласты. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, елдің ауыл, орман және балық шаруашылығына орасан зор шығын келген.

Хабар 24 телеарнасы