367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та экскурсияға арналған қайық апатқа ұшырады

  • 133
  • UPD: 12:07, 21.07.2018

АҚШ-тың Миссури штатында экскурсияға арналған қайық апатқа ұшырап, салдарынан қаза тапқандардың саны 17-ге жетті.

Мамандар батып кеткендердің денесін судан шығарды. Апатқа байланысты ұйымдастырылған іздестіру операциясы аяқталды. Бұл туралы жергілікті полиция өкілдері хабарлады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп марқұмдардың туысқандарына көңіл айтты. Естеріңізге сала кетейік, оқиға Тейбл-Рок көлінде болған. Әзірге қайықтың апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталған жоқ. Бірақ алдын ала дерек бойынша, мамандар қолайсыз ауа-райының кесірінен деп топшылап отыр.

Хабар 24 телеарнасы