389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда тайфун салдарынан ойын-сауық орталықтары жабылды

  • 517
  • UPD: 15:10, 22.07.2018
Қытайда тайфун салдарынан ойын-сауық орталықтары жабылды

Қытайдың шығыс жағалауында «Ампил» тайфуны ойран салды.

Оның үстіне аймақта жойқын дауыл соғып, жауын селдеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Дауыл ошағында желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға дейін жетті. Табиғаттың тосын мінезінен Чжэцзян, Цзянсу провинциялары мен Шанхай қаласы зардап шеккен. Жергілікті билік 200 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді. Шанхайда метеорологиялық қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. Аймақта ойын-сауық орталықтары жабылып, жағажайлар жұмысын тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы