386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияға АҚШ-тан әскерилер барды

  • 290
  • UPD: 09:55, 30.07.2018
Грузияға АҚШ-тан әскерилер барды

Грузияда АҚШ әскерилерімен бірлескен Нобл парт-нэр 2018 оқу-жаттығуы өтеді. Осыған орай елге американ әскерилері келді.

Жалпы Грузия бұл бірлескен жаттығуды осымен 4-рет өткізіп отыр. Биыл оған 1300 грузин сарбазы мен 1 мың америкалық жауынгер және Украина, Франция, Түркия, Армениядан 500-дей әскери қатысады. Шара тамыздың 15-іне дейін созылады.

Айта кетейік, Грузия НАТО-ға мүше болуға талпынып келеді. Бұл қадамды АҚШ қолдағанымен Ресей оған үзілді-кесілді қарсы.

Кэтхэн Гатмен, АҚШ әскери қызметкері:

- Бұл әскери оқу-жаттығу грузин әріптестерімізбен кәсіптік біліктілігімзді дамытып, ынтымақтастығымызды нығайтуға көмектесетін үлкен мүмкіндік. Екі жақтың да бір-бірінен үйренері көп. Сондықтан бұл шараға қатысатыныма қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы