386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сербиядағы фестивальда серілер сан алуан өнерден сайысқа түсті

  • 424
  • UPD: 08:10, 27.08.2018

Сербияға мыңдаған турист орта ғасыр мәдениетін жаңғырту фестивалін тамашалау үшін арнайы келді.

Шара Белградтан 100 шақырым жерде орналасқан 15-ғасырда монахтар өмір сүрген зәулім ғимарат маңында өтті. Ұйымдастырушылар қонақтарға сол заманның тағамдарын әзірлеп, музыкасын тыңдатты. Одан бөлек серілер турнирі өтті. Олар батырлар киген киімдер мен қару-жарақты қолданып, бақ сынасты. Жарысқа ер адамдармен қатар қыз-келіншектер де қатысты.

Мэтью Брезес, Франциядан келген турист:

- Мен бұл сайысқа арнайы Франциядан келдім. Осы жердегі басты міндетім – біздің құрамадағы қатысушылардың жеңіске жетуіне күш-жігер беру.  

Файтер Неда, Хорватиядан келген турист:

- Керемет ұйымдастырылған фестиваль. Бұл жерде шаршағанды басып, жақсы энергия жинап, жаңа бастамаларға шабыттануға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы